Облыстық Полиция департаменті осыған байланысты хабарлама таратты
Абай облысында қараусыз жайылып жүрген мал дрон арқылы анықталып, иелері жазаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуына байланысты жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға көмектесіп жатыр.
«Бақылаусыз жүретін мал – Семей – Өскемен және Омбы – Майқапшағай бағыттарындағы қарқынды қозғалыс болатын жолдарда жиі кездесетін апат себептерінің бірі.
Пилотсыз технологияларды қолдану тәуекелдерді айтарлықтай төмендетіп, жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға мүмкіндік берді», – делінген облыстық ПД хабарламасында.