Ол үкіметтен жер дауын шешуге нақты шара қабылдауды талап етті
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев премьер-министрінің орынбасары ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге елде жиілеп кеткен жер дауына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары ірі қалалар мен облыс орталықтарында азаматтар заңды түрде алған жер телімдерінің түрлі себептермен «заңсыз» деп танылып, мемлекет меншігіне қайтарылуы халық арасында үлкен алаң тудырып отыр. Балабиев өз сауалында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында жердің халық игілігіне қызмет етуі тиіс екенін және «жер қадірін білетіндерге беру қажет» деп тапсырма бергенін еске салды.
Алайда, депутаттың сөзінше, бірқатар өңірлерде:
Бұл мәселе тек құқықтық емес, сонымен бірге әлеуметтік тұрақтылыққа және азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін өзекті проблема екені айтылды.
Қайрат Балабиев үкіметтен төмендегі шараларды қарастыруды сұрады:
«AMANAT» фракциясы азаматтардың құқықтарын қорғап, олардың мүлкі мен еңбегін сақтау мәселесін басты назарда ұстайтынын айта келе, Балабиев үкіметтен жоғарыда аталған ұсыныстар бойынша нақты шара қабылдауды талап етті.