Қостанай облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Автор: Асыл Арман

Қоғамдық көліктердің де қозғалысына шектеу қойылады

Фото: depositphotos.com

Қостанай облысында ауа райына қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ деректері бойынша 19 қараша сағат 13:40 бастап ауа райының бұзылуына (тұман, көрінудің шектелуі) «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-218 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылы – Октябрьское ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

«Жолды 2025 жылғы 19 қараша сағат 17:00-де ашу жоспарланған», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.