Екі жылда 80 тіректі ауыл жойылған
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров үкіметке жолдаған депутаттық сауалында елдегі еңбек нарығы мен көші-қон саясатының өзекті проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында атап өткендей, «еңбек нарығын, әсіресе көші-қон мәселесін реттеу саласында есепке алудың орталықтандырылған жүйесі жоқ», бұл мемлекеттік реттеудің тиімділігін төмендетіп отыр.
Депутаттың сөзінше, сарапшылар болжамы алаңдатарлық.
«2030 жылға қарай Қазақстанның еңбек нарығында 1,8 млн жұмыс күшінің жетіспеушілігі болуы ықтимал. Қазірдің өзінде, әсіресе ауылдық жерлерде 900 мың маман тапшы», – деді Саиров.
Оның айтуынша, халық саны өсіп жатқанымен, бірқатар өңірлерде депопуляция үдерісі айқын сезіліп отыр.
«2023 жылы елімізде 6 286 ауылдық елді мекен болса, 2025 жылы олардың саны 6 179-ға төмендеген. Екі жылда 80 тіректі ауыл жойылған», – деп нақтылады депутат.
Ерлан Саиров еңбек күшінің теңгерімсіздігін жою және Солтүстік-Шығыс аймақтарын дамыту үшін үкіметке бірқатар шұғыл шараларды қабылдауды ұсынды:
Депутат аталған мәселелерді шешу «елдің демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және еңбек нарығындағы теңгерімсіздікті жоюға бағытталған жүйелі шаралар қажет» екенін атап өтті.