Реестрде орындалмайтын күрделі талаптар бар
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов партия фракциясының депутаттары отандық тауар өндірушілерді қолдау, өнеркәсіпті дамыту және импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында тауарлардың шығу тегін анықтау мәселелеріне қатысты заң жобасын бастамашылық еткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған заң нормаларына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап СТ-KZ нысанындағы сертификаттар мен индустриялық сертификаттардың орнына Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілім енбек.
«Бұл бастама заманауи технологияларды енгізуге, ашықтықты арттыруға және өндірісті жергілікті деңгейде дамытуға бағытталған.Бизнес қауымдастығы жүйенің ашық әрі тиімді болу идеясының өзін қолдайды, алайда оның іске қосылуына қатысты бірқатар елеулі тәуекелдер мен жүйенің дайын еместігін атап өтуде. Бүгінгі таңда тізілім толыққанды жұмыс нұсқасы ұсынылмаған, өтінім беру алгоритмі жарияланбаған, ал «Qazindustry» акционерлік қоғамы тарапынан нақты регламент пен іске қосу мерзімдері әлі белгіленбеген. Соның салдарынан қазіргі жүйеге қатысып отырған шағын және орта бизнес субъектілері жаңа форматқа көшу тәртібін түсінбей отыр», - деді Тұрғанов.
Оның айтуынша, реестр ережелерінде көзделген техникалық және қаржылық тұрғыдан ауыр талаптар, өндірісте бейнебақылау орнату, онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету, өндірістік деректерді ашу сияқты шарттар көптеген шағын кәсіпорындар үшін орындалмайтын деңгейде.
«Сонымен қатар, өндірістік процестер мен технологияларға сыртқы қолжетімділік коммерциялық ақпараттың таралуы мен өнеркәсіптік тыңшылық қаупін арттырады. Бұл, әсіресе инновациялық шешімдерді енгізіп отырған кәсіпорындар үшін үлкен қауіп төндіреді.Аталған талаптар өнеркәсіптік саясаттың негізгі мақсаттарына, шағын және орта бизнестің қатысу үлесін кеңейту мен өндірісті жергіліктендіруді дамыту қағидаттарына қайшы келеді», - деді ол.
Депутат атағандай, бұдан бөлек, жұмыстар мен қызметтердің шығу тегін растау тәртібі де әлі нақты айқындалмаған, бұл құқықтық олқылықтар мен отандық жеткізушілердің мемлекеттік қолдау бағдарламаларынан шеттетілу қаупін туғызады.
Жүйелі сипаттағы негізгі мәселелердің қатарында мыналар бар:
«Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткен болатын: «өнеркәсіптік саясат отандық өндірісті дамытуға бағытталуы тиіс, жаңа кедергілер туғызбауы қажет». Алайда бүгінде кәсіпкерлер тарапынан белгісіздік, алаңдаушылық және мемлекеттік органдармен тиімді диалогтың жоқтығы байқалады.Осыған байланысты біз ҚТӨ Тізілімінің ақпараттық жүйесін уақтылы іске қосу және толыққанды тестілеуден өткізу; егер жүйе 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін толық дайын болмаса, СТ-KZ және индустриялық сертификаттардың қолданылу мерзімін платформаның толық іске қосылғанына дейін ұзартуды қажет деп санаймыз. Сонымен бірге бизнес және салалық қауымдастықтар үшін ҚТӨ Тізілімінің ашық таныстырылымын өткізу керек», - деді ол.
Ол атағандай, тізілім ережелерін қайта қарап, шағын және орта бизнеске артық әкімшілік және техникалық ауыртпалықтар туғызатын талаптарды алып тастау және «Qazindustry» АҚ-на Реестрді енгізудің егжей-тегжейлі жоспар-графигін, интерфейстердің сипаттамасын және өтінім берушілерге қойылатын талаптарды ұсынуды міндеттеу қажет.
«Бүгінгі отандық тауар өндірушілер бұл еліміздің нақты экономикасын қалыптастырып отырған, жұмыс орындарын ашатын және салық төлейтін азаматтар.Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен әріптестікті нығайтатын тиімді құралға айналуы тиіс. Және де ол кәсіпкерлердің дамуын тежейтін бюрократиялық кедергі болмауы қажет», - деді ол.