Аймағамбетов кішкентай балалы ата-аналарға жұмыс уақытында қандай жеңілдік бар екенін айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Норма арқылы ата-аналар өз құқықтарын қорғай алады

Фото: istockphoto.com

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов кішкентай балалары бар ата-аналардың жұмыс уақытын қысқарту мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазіргі Еңбек кодексінде ата-аналар үшін нақты жеңілдіктер қарастырылған.

«Мәселе неде? Кейде кейбір жұмыс берушілер заңда қарастырылған нормаларды орындамайды. Сондықтан біз айтып отырғанымыз, бұл норма бүгінгі күні Еңбек кодексінде бар. Егер жұмыс беруші оған бағынбаса, тиісті еңбек инспекциясына, прокуратураға немесе басқа органдарға жүгіну қажет. Осы шаралар арқылы мәселе шешіледі», – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның сөзінше, аталған норма арқылы кішкентай балалары бар ата-аналар өздерінің құқықтарын қорғап, балаларына уақыт бөліп, жұмыс уақытындағы жеңілдігін пайдалана алады.

Бұл шара жұмыс берушілер тарапынан заңның орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді және ата-аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.