Адам шошырлық іс туралы алғаш болып заңгер Ләззат Рақышева жариялады
Қызылорда облысында 1988 жылғы ер адам бала зорлау ісі бойынша күдікті деп танылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Адам шошырлық іс туралы алғаш болып заңгер Ләззат Рақышева жариялады. Оның мәліметінше, оқиға Шиелі ауданында болған, ал зорланған бүлдіршін – небәрі бес жаста.
«Өкінішке орай бұл жағдай расталды. Қылмыстық іс қозғалыпты», – деп жазды Ләззат Рақышева.
Azattyq Rýhy агенттігі оқиғаға қатысты Қызылорда облысының Полиция департаментіне ресми түрде сауал жолдады.