Бұрқасын соғып, көктайғақ болады: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

«Қазгидромет» 19 қарашаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Фото: pixabay

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады деп болжап отыр, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Петропавлда тұман түсіп, 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын, қатты жел соғады, тұман түседі.

Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау қалаларында, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Атырау облыстарында тұман түседі.