«Ештеңе керек емес деді»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісовамен не туралы сөйлескенін айтты (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Продюсер адамды көзі тірісінде бағалауға шақырды

Фото: Dina Tolepbergen/YouTube/Видеодан скрин

Продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жайлы фильм түсіргісі келгенін, алайда әнші келісім бермегенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мақпал, сіздің өмір жолыңызды экранға түсіруге рұқсат беріңізші деп сұрадым. Он жыл бұрын еді. Қазір қолайлы уақыт емес екенін түсінемін, бірақ күндердің күнінде сізді экранға шығарғым келеді дедім. Ол маған «ештеңе керек емес. Ешкімге ештеңе бермеймін. Ешқандай мемуардың қажеті жоқ» деп жауап берді. «Мақпал, өтінемін, жай ғана редакторға бәрін айтып беріңіз. Сіз теңдесі жоқ әйелсіз, сіз оны білуіңіз керек. Мүмкін білетін де шығарсыз» деп қолқа салдым. Біз көзі тірі кезінде ұрсып, кемсітетін, ал егер оған бірдеңе болып жатса, «ол ұлы адам екен ғой, қандай жақсы адам еді» дейтін халықпыз. Сондықтан талантты көзі тірісінде бағалайық», - деп түйіндеді Алагөзова.

Еске сала кетейік, Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында Баян Алагөзоваға үндеу жасап, марқұм композитор Арман Дүйсеновтың отбасына үй алып беруді сұрады.

«Арман Дүйсенов Баян Мақсатқызыың көптеген жобасына атсалысты. «Кешьюдің» әндерін жазып берген. Досым деп айтатын. Сондықтан Баянға ғана сеніп отырмын. Жолдасы екеуі ақылдасып шешетін шығар. Баянжан, бірдеңе қылып бір үй алып беріңіздер», - деді Мақпал Жүнісова.