524 теңге: елімізде доллардың орташа бағамы белгілі болды

Автор: Асыл Арман

Доллардың ресми бағамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 524,14 теңгені құрап, 1,37 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген ресми доллар бағамы 17 қарашада 522,19 теңгені құрады.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 524,03 теңге, сату – 525,86 теңге. Астанада долларды орта есеппен 522,5 теңгеге сатып алып, 529,48 теңгеге сатады. Шымкентте доллар сатып алу бағасы – 524,06 теңге, сату бағасы – 526,05 теңге.