90 жылдан кейін жетті: Жамбыл облысында жемқорлардан қайтарылған ақшаға ауызсу берілді
Ауыл тұрғындары 90 жыл ішінде алғаш рет сапалы ауыз суды орталықтандырылған жүйе арқылы алатын болады
Жамбыл облысы Қараой ауылының тұрғындары жемқорлардан қайтарылған ақшаның есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Салтанатты ашылу рәсіміне облыстың прокуроры Берік Әбілов, аудан әкімі, қоғамдық өкілдер, ауыл ақсақалдары мен құрметті тұрғындар қатысты.
Айта кетейік, ауыл тұрғындары 90 жыл ішінде алғаш рет сапалы ауыз суды орталықтандырылған жүйе арқылы алатын болады.
«Осы жылдың қараша айынан бастап нысан пайдалануға берілді, бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және олардың маңызды әлеуметтік мәселелерінің бірін шешуге бағытталған маңызды қадам болды.
Ауыл тұрғындары мемлекеттік органдарға және жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барлық тұлғаларға алғыс білдіріп, атқарылған жұмыстың ауылдың тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті», – делінген прокуратураның хабарламасында.
Бүгінгі күні Үкімет денсаулық сақтау, білім беру, спорт және сумен жабдықтау салаларында 420-дан астам әлеуметтік маңызы бар жобаны қаржыландыруды мақұлдағанын атап өткен жөн.