Қазақстанда бір ай ішінде наркобарондардан жарты тоннадан астам есірткі тәркіленді

Автор: Асыл Арман

Тәркіленгендердің арасында психотроптық заттар, гашиш, марихуана бар

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізіп жатыр. 2025 жылдың қазан айында ҰҚК есірткі саудасының жолын кесуге қатысты 10 операция жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нәтижесінде есірткіні жеткізудің 3 халықаралық және 3 аймақтық арнасы, сондай-ақ жер асты зертханасы мен есірткі плантациясы жойылды. Заңсыз айналымнан 622 кг есірткі, соның ішінде психотроптық заттар, гашиш және марихуана тәркіленді.

«Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен соттың санкциясымен 12 Қазақстан азаматы мен 3 шетелдік қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК хабарламасында.