Әншінің пайымынша өмірдің таяғын кім ертерек жейді, сол ертерек ысылады
«Qazaqstan» телеарнасындағы «Бәрекелді» бағдарламасында қонақ болған «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов еңбекке ерте араласқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің пайымынша өмірдің таяғын кім ертерек жейді, сол ертерек ысылады.
«Маңдайымызға жазылған тағдыр шығар. Сынақ десе болады. Әкеміз ерте кетті де, біз еңбекке жас кезімізден араластық. Кезінде әкеміз қызғаншақ болып, анамыз жұмыс істемеген. Әкеміз кеткеннен кейін колледждің дипломымен жұмысқа шығуына тура келді. Әйтсе де анамыздың айлығы жетпейтін. Содан біз өз күнімізді өзіміз көруіміз керек деген ұстаныммен кафеге барып ән айттық. Әнді өңдеуді үйрендік. Үйге салмақ салмаймыз деп жатыр ғой. Салмақ салған күннің өзінде беретін ештеңесі жоқ қой. Бір киімді екі бала болып кидік. Сондай уақыт еді», - дейді ол.
Еске сала кетейік, «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек сүйіктісіне гүл сыйлайтын жігіттер қауымына ескерту жасаған болатын.
«Жігіттер, өтініш, әйелдеріңе гүл беріп жатқан сәтті интернетке салмаңдаршы. Қыз-келіншектер, сіздер де гүл алып жатқан бақытты кездеріңізді жарияға жар салып айтпаңыздаршы. Қанша отбасы соны көріп күйеуіне ренжиді. «Жұрттың күйеуін қарашы, әйеліне гүл беріп, шетелде қыдыртып жүр, бізде гүл де жоқ, шетел де жоқ» деп көп отбасында ұрыс-керіс, арты ажырасу болып жатыр. Отбасында құпия болу керек қой!», - деді Айдар Тұрғамбек.