Ол ақылға сыймайтын челлендждер өткізу арқылы танымал болған
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Mellstroy деген лақап атпен танымал Беларусь елінің блогері Андрей Буримге іздеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Хабарлама құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
Еске сала кетейік, осы блогердің тапсырмасын орындаймын деп Астанадағы сауда орталығында жартылай жалаңаш жүгірген жігіт 15 күнге қамалған болатын. Ол дәретханадан іш киіммен жүгіріп шығып, қолына «Маған пәтер сыйлаңдар» деген жазуы бар плакат ұстап, дәл сол сөзді айқайлап сауда орталығы ішінде жүгірген. Оның айтуынша, стример «пәтер ұтысын» жариялап, қорлайтын немесе қауіпті әрекеттер жасауға дайын адамдар арасында «жүлде ойнатқан».