52 жастағы науқас геморрагиялық инсульт алған
Шетелде жүрген Қазақстан азаматы шұғыл елге жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 1973 жылы туған ер адам отадан кейін Вьетнамға барған.
«2025 жылдың 14 қарашасында Вьетнамнан Астанаға 1973 жылы туған пациент отадан кейінгі кезеңде болған геморрагиялық инсульттан кейін ауыр жағдайда шұғыл түрде тасымалданды», - деп жазылған хабарламада.
Тасымалдауға Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы жұмылдырылды. Бригаданың құрамында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерұлан Құндақбаев болды.
Қазіргі уақытта пациент әрі қарай ем алу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының нейрохирургия және неврология департаментіне жатқызылды.