Шортандыда науқас баланы құтқару үшін шұғыл түрде тікұшақпен Көкшетауға жеткізілді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Кішкентай науқас құтқарылды

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында науқас бүлдіршін ауруханаға шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағының экипажы Көкшетау-Шортанды-Көкшетау бағыты бойынша санитарлық авиация желісі бойынша құтқару рейсін орындады.

Ұшып шығу өкпе қабынуы сияқты диагнозы бар баланы шұғыл тасымалдау болды. Ұшқыштар мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында науқас жедел түрде емдеу мекемесіне жеткізілді.

«ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары санитарлық авиация міндеттерін орындауға әрдайым дайын және еліміздің ең алыс аймақтарында да адам өмірін сақтап қалуда», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.