Өзбекстанда Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Автор: Асыл Арман

Президенттер бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды

Фото: Ақорда

Өзбекстанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.

«Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді», – делінген Ақорданың хабарламасында.