Президент ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді

Автор: Асыл Арман

Президентке деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер туралы айтылды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.

Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды.