Дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды
Шымкентте полицейлер 12 қабатты ғимараттың төбесіне қымбат көлігін шығарып, қауіпті маневрлер жасаған жүргізушіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның әрекеттері адам өмірі мен денсаулығына қатер төндірген. Аталған бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған.
«Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы 10 тәулікке қамаққа алынды, көлік құралы айыптұраққа қойылды.
Полиция қызметкерлері мұндай жауапсыз әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін қатаң ескертеді. Әрбір ұқсас жайт заң аясында тоқтатылады», – делінген қалалық ПД хабарламасында.