Ресейдің Астарахань облысында тұрған этникалық қазақ Танзиля Бисембеева 123 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды sputniknews.kz
Танзиля Бисембеева 1896 жылы 14 наурызда Каспийдің жағасында дүниеге келген.
«Ол соңғы үш ай бойы төсектен тұрмаған. 25 қазанда тыныш қана келместің кемесіне мініп, мәңгілік мекенге аттанды. Оны Алча ауылының зиратына жерледі. Ол сол ауылда өмірбақи тұрды», - дейді Байбек ауылдық кеңесінің басшысы Эльман Такиев.
XIX ғасырдың соңында дүниеге келген әжей Ресейдің рекордтар кітабына енген болатын. Онда Танзиля Бисембееваның Гиннестің рекордтар кітабына кірген адамнан 3 жасқа үлкен екені жазылған.