Есірткі қолданып, көлік жүргізуден шеттетілген: Төреғали Төреәлі елде жоқ жүргізуші куәлігіне ие болды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол 2023 жылы жүргізуші куәлігінен айырылған

Фото: Видеодан скрин

Осыдан бірнеше жыл бұрын есірткіге мас күйде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылған Төреғали Төреәліге күтпеген сыйлық берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, Атырауда өткен концертінде Төреғали Төреәліге жүргізуші куәлігінің үлкейтілген нұсқасы сыйға берілді.

Айта кетейік, Алматыда 2023 жылдың маусым айында әнші есірткіге масайған күйде көлік тізгіндеп бара жатқан жерінен ұсталған. Осы оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті былай деп түсініктеме берген:

«Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды», - делінген хабарламада.