Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысты

Автор: Асыл Арман

Дәстүрлі жиынға 2 мыңнан астам адам қатысты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәстүрлі жиынға 2 мыңнан астам адам, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдар өкілдері, инвесторлар, ардагерлер, сондай-ақ аграрлық сала мамандықтарында оқып жатқан студенттер жиналды.