Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Марокко арасындағы құқық мәселесіне қатысты бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
- «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына;
- «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
- «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына.