БАӘ Қазақстанға 18 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Жүк Қорғаныс министрлігіне тапсырылды

Нұр-Сұлтан қаласына Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық көмек келді, деп Аzattyq ruhy. Медициналық мүлік Қазақстан Қорғаныс министрлігіне БАӘ Қарулы Күштерінің қолбасшылығы арқылы беріліп, әскери бортпен жеткізілді.

«Елімізге көмек ретінде медициналық қорғау костюмдері, маскалар, қолғаптар және дезинфекциялау құралдары берілді. Жүктің жалпы салмағы 17,7 тоннаны құрайды», - делінген хабарламада.

Гуманитарлық көмек өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі болып табылады. Күрделі эпидемиологиялық  жағдайда әлемнің барлық мемлекеттері әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық қашықтығына қарамастан өзара көмекке жүгінеді.