Алматыда Үндістан азаматын тонап кеткен күдікті ұсталып, қамауға алынды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Алматыда үндістандық туристі тонап кеткен күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жағымсыз оқиғаны қалалық Полиция департаменті растап, түсініктеме берді.

Белгілі болғандай, Үндістан азаматының арызы бойынша Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

«Ұрлық жасағаны күдіктелген адам анықталып, ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта ұрланған ұялы телефонды толық, жан-жақты және объективті тексеру мақсатында тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, сондай-ақ телефонның иесіне қайтарылуы қамтамасыз етілуде», - делінген ПД хабарламасында.