Ондаған млн теңге: Әли Әлиев «Қызылжар» футбол клубын сотта жеңіп шықты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Сот 2024 жылдың соңында клуб басшылығы ауысқаннан кейін басталған

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бапкері Әли Әлиев «Қызылжар СК» футбол клубынан ақша талап ету үшін кассациялық сотқа жүгінді. Ол клубты 18 ай басқарып, өзіне тиесілі төлемді алғысы келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағандағы кассациялық сот Әлиевтің шағымын қанағаттандырып, Солтүстік Қазақстан облысы соттарының бұрынғы шешімдерін өзгертті.

Еске салсақ, дау 2024 жылдың соңында клуб басшылығы ауысқаннан кейін басталған еді. Әлиев 2023 жылдың 1 маусымынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін «Қызылжар» клубының бас бапкері болып жұмыс істеген, ал оның ресми жалақысы 6,5 млн теңге деп белгіленген.

Ал кейін клубпен екінші еңбек келісімшарты жасалып, онда ай сайынғы жалақысы 10 млн теңге деп көрсетілген. Сол кезде қалалық сот клуб басшылығын қолдап, бапкердің екінші келісімшарт бойынша талаптарын қанағаттандырмаған еді.

Енді кассациялық сот бұрынғы шешімдерді жойып, мынадай шешім қабылдады:

«Петропавл қаласы №2 сотының 2025 жылғы 4 сәуірдегі шешімін және Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 маусымдағы қаулысын күшін жою және жаңа сот актысын шығару. ТОО «Футбол клубы «Қызылжар СК»-ның Алиев Али Ханалиевичке қатысты еңбек келісімшартын заңсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырмау. Кассациялық шағымды қанағаттандыру».

Осылайша, сот бұрынғы бапкердің жағында болып, клубпен жасалған еңбек келісімшартының заңды екенін мойындап, клубты өз қаржылық міндеттемелерін орындауға міндеттеді.