Путин: Қазақстан – Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Тоқаев пен Путин келіссөзі бойынша 13 құжатқа қол қойды

Фото: Ақорда

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстанмен қарым-қатынас жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан – Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі. Біз бұл елмен достыққа, өзара сенім мен құрметке негізделген көпжоспарлы және теңқұқылы қарым-қатынас құрып жатырмыз», – дейді Владимир Путин.

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев пен Путин келіссөзі бойынша 13 құжатқа қол қойылғаны хабарланған болатын.