Астраханьда Өзбекстанның 25 азаматы құлдықтан босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады centralasian.org

Фото: centralasian.org

Өзбекстанның консулдығы Астрахань облысында жергілікті кәсіпкерлердің бірі құлдықта ұстаған 25 азаматтың құжаттары мен жалақысын алуға көмектесті. Министрліктің мәліметі бойынша, консулдық қызметкерлеріне бір топ азамат арызданып, жұмыс беруші олардың төлқұжаттарын алып қойып, жалақы төлемегенін айтқан.

«Азаматтардың құжаттары қайтарылды, айлық төленді. Олар елге қайтты», - делінген министрлік хабарламасында.