12 қарашада доллардың ресми бағамы белгілі болды
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 524,65 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,61 теңгеге арзан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 12 қарашадағы ресми доллар бағамы – 525,28 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 525,36 теңге, ал сату бағамы – 526,88 теңге.
Астанада доллар орташа есеппен 523,54 теңгеден сатып алынып, 530,54 теңгеден сатылады.
Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 524,76 теңгеден сатып алынып, 526,8 теңгеден сатылып жатыр.