Ғалымдар соңғы бір жылдағы ең күшті күн жарқылын тіркеді (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оның энергиясы әдеттегіден 10-20 есе көп

Фото: Видеодан скрин

Ғалымдар соңғы бір жылда болған ең күшті күн жарқылын тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Күн астрономиясы зертханасына сілтеме жасап.

Ғалымдардың мәліметінше, X5.16 деңгейіндегі жарқыл өткен жылдың қазан айынан бері ең күштісі болып саналады. Оның шарықтау шегі Астана уақыты бойынша 15:04 кезінде тіркелген. Сәулелену ағыны бойынша оқиға биыл болғандарынан 3-5 есе асып түсті, ал энергиясы бойынша шамамен 10-20 есе көп.

«Күнде одан да күшті жарқыл 2024 жылғы 3 қазанда болған, бірақ ол Күннің шетінде болып, Жерге ешқандай әсер тигізбеген. Ал бұл жолы жарқыл Жерге әсер ету аймағында болды. Қазіргі уақытта Жер сызығы маңында осындай немесе одан да күшті жарқылдар соңғы рет қашан болғанын анықтау мүмкін болмай тұр. Бұл бірнеше жылдағы алғашқы жағдай болуы мүмкін», – деп түсіндірді зертхана мамандары.

Сонымен қатар, ғалымдар күшті жарқылдан кейін күн плазмасының ғарышқа шашылғанын хабарлады.

«Шашылған плазма бұлты Жерге бағытталған бағыттан шамамен 20 градус солтүстік-батысқа ауытқып отыр. Бұл соққының тікелей болуы мүмкін екенін білдіреді, бірақ ең тығыз масса Жерге жанама түрде өтуі ықтимал», – делінген жарияланымда.

Күн астрономиясы зертханасының мамандары математикалық тұрғыдан расталған жылдамдық пен қозғалыс бағытын анықтау әлі мүмкін болмай тұрғанын қосты.