Осыған қатысты қылмыстық іс тарады
Атырау қаласында көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатынан екі жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, баланың құлау дерегіне қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Атырау облысы полиция департаменті ата-аналар мен ересектерден бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауын сұрайды. Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет», – делінген хабарламада.