Сейсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік және орталық өңірлерде – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Кей аймақтарда көктайғақ, бұрқасын және тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -10°С-қа дейін төмендеп, күндіз -2…+4°С аралығында болады. Астанада күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ және екпінді жел байқалады.

Алматы, Жетісу және Абай облыстарында жауын-шашынсыз, негізінен ашық ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады. Ауа температурасы түнде -5…-12°С, күндіз +7…+13°С аралығында.

Оңтүстік өңірлерде – Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында күн жылы әрі жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнгі температура -3…+3°С, ал күндіз +12…+17°С шамасында. Шымкентте ауа райы жылы болады.

Батыс аймақтарда – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0…+8°С, күндіз +10…+15°С аралығында болады.