Бүгін Қорғаныс министрлігінде марқұм сарбаздардың ата-аналарымен кездесу өтті
Мемлекет басшысы әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымға қатысты бас прокурорға арнайы тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында жазды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды», – деп жазды Руслан Желдібай.
Айта кетейік, бүгін Қорғаныс министрлігінде марқұм сарбаздардың ата-аналарымен кездесу өткені хабарланған болатын.