Ақтауда террорлық шабуыл туралы хабарламадан кейін оқушылардың жартысынан астамы сабаққа қатыспаған

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқушылардың жалпы санының тек 43,1%-ы сабағына қатысқан

Фото: istockphoto.com

Ақтауда террорлық шабуыл туралы жалған хабарлама салдарынан оқушылардың жартысынан астамы сабағына қатыспаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, бүгін Актау қаласындағы мектептерде сабаққа келген оқушылар саны жалпы білім алушылардың тек 43,1%-ын құраған.

Білім басқармасының дерегінше, мектептер штаттық режимде жұмыс істеген, бірақ ата-аналар жалған хабарламалардан қорқып, балаларын мектепке жібермеген. Осылайша, бірінші және екінші ауысымдағы сабаққа келген оқушылар саны небәрі 30 502 адамды құрады.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Ақтаудағы мектептерге террорлық шабуыл дайындалып жатқаны туралы жалған хабарлама тараған болатын.