Әйел мен клиент арасында жанжал шығып, соңы адам өлімімен аяқталды
Атырауда боди-массаж сеансы кезінде массажист әйел мен 30 жастағы клиентінің арасында жанжал туындаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу мәліметінше, әйел мен клиенттің арасында жанжал шыққан. Келіспеушілік нақты неден туындағаны әзірге белгісіз, алайда соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Белгілі болғандай, әйел адам пышақ алып шығып, ер адамға сұғып алған.
Массажист әйел жедел жәрдем шақырғанымен, зардап шеккен ер адам дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық іс сот өндірісіне қабылданып, «Адам өлтіру» бабы бойынша қаралып жатыр.