Қазақстанда доллар арзандап келеді

Автор: Асыл Арман

Ұлттық банктің ресми бағамы жарияланды

Фото: freepik.com

KASE-де күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 523,58 теңге болды, бұл алдыңғы күндегі көрсеткіштен 2,27 теңгеге арзан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 10 қарашадағы ресми бағамы – 526,02 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 524,32 теңге, сату бағамы – 526,02 теңге.

Астанада доллар орта есеппен 522,45 теңгеден сатып алынып, 529,45 теңгеден сатылады.

Шымкентте валюта айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 524,12 теңгеден сатып алып, 526,12 теңгеден сатады.