Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ болады – «ҚазАвтоЖол»

Автор: Асыл Арман

Бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

Фото: freepik.com

Қазақстанның бірқатар өңіріндегі республикалық автожолдарда ауа райы күрт нашарлауы мүмкін, деп жазады Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 10 қарашада Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Мына облыстарда болжанып отыр:

  • Ақмола;
  • Шығыс Қазақстан;
  • Солтүстік Қазақстан;
  • Қарағанды;
  • Жамбыл;
  • Алматы;
  • Павлодар;
  • Жетісу;
  • Абай.

Бұл аймақтарда көріну шектеулі болуы мүмкін, жол беті тайғақ, қар жабындары пайда болады.

Жүргізушілерге ескерту

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды, көліктер арасындағы арақашықтықты ұстануды және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң орындауды ұсынады.

Тайғақ немесе ылғалды қар жағдайында күрт бұрылу, тежелу және алға шығу жол апаты қаупін арттыратынын ескерген жөн.

Ақпарат тәулік бойы қолжетімді

Жолдардың қазіргі жағдайы мен шектеулер туралы ақпарат алу үшін жүргізушілер 1403 нөміріне хабарласа алады.