40 бірлік қару-жарақ тәркіленді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның бірқатар өңірінде заңсыз қару айналымына тосқауыл қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың қазанында полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
40 бірлік қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскерлік отшашар, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі.
«Аталған фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастыруда», – делінген хабарламада.