Степногорскіде екі бапкер балалардың көзінше жаға жыртысты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Фото: Видеодан скрин

Степногорскіде панкратион мен грэпплинг жарысы кезінде екі бапкер балалардың көзінше төбелесіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында болған. Төбелестің бейнежазбасы ата-аналардың ашу-ызасын тудырды. Олар мұндай әрекет оқу орнының беделіне нұқсан келтіреді деп мәлімдеді.

Желідегі мәліметке сүйенсек, мектеп әкімшілігі бапкерлердің штаттық қызметкерлер емес екенін, оларға тек зал уақытша пайдалануға берілгенін түсіндірді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады. Тексеру қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.