Әмина қажы өрт сөндірушілерге алғысын жеткізді
Алматыда мыңдаған жетім баланы бауырына басқан Әмина қажы Әжібаеваның «Перзент» балалар үйі алапат отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дер уақытында жеткен құтқарушылар ғимарат ішіндегі қызметкерлер мен балаларды эвакуациялап үлгерді.
«Бүгін осындай бір сынаққа қалдық. Өрт сөндірушілердің бәріне Алла разы болсын! Сағат 4-тен бастап жұмыс істеп жатыр. Бала-шағаларының қызығын көрсін. Апасының басына күн түсіп еді, бәрі бір үйдің баласындай көмектесіп, осында жүгіріп жүр. Өте үлкен өрт шықты. Жігіттерге Алла разы болсын!» - деді Әмина қажы Әжібаева.
Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт асхананың ішкі бөлігінде тұтанған, алайда ғимаратта адамдар болмаған.