Боран соғып тұр: Қазақстанның бірқатар өңірінде тасжол жабылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Боран салдарынан көріну қашықтығы нашарлады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда ауа райының нашарлауына, яғни боран мен көріну қашықтығының нашарлауына байланысты 9 қараша күні сағат 20:00-ден бастап бірқатар автожол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Шектеу енгізілген бағыттар:

Абай облысы:

  • ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы автожолы, 587-733 км (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы).

Ақмола облысы:

  • Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы автожолы, 16-200 км (Астана қаласы – Павлодар облысы шекарасы).

Қарағанды облысы:

  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 1067-1135 км (Жастар ауылы – Павлодар облысы шекарасы).
  • Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара автожолы, 231-324 км (Павлодар облысы шекарасы – Ботақара ауылы).