Елена Рыбакина финалда Арина Соболенконы жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 6-орын) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA-2025 қорытынды турнирінің финалында Беларусь спортшысы, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рыбакина финалда қарсыласын екі сетте 6:3, 7:6 есебімен ұтты. Дегенмен матчтың алдында кездесудің басты фавориті болып Арина Соболенко есептелген.
Осы жеңісінің нәтижесінде отандасымыз WTA рейтингінде 5-орынға көтерілетіні анық.
Айта кетейік, топтық кезеңде Елена Рыбакина америкалық Аманда Анисимованы (4-орын) 6:3, 6:1, польшалық Ига Швентекті (2-орын) 3:6, 6:1, 6:0, және ресейлік Екатерина Александрованы (10-орын) 6:4, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Ал жартылай финалда ол америкалық Джессика Пегуланы (5-орын) 4:6, 6:4, 6:3 есебімен ұтып, финалға жолдама алды.