Жолдар жабылды: «ҚазАвтоЖол» шұғыл ақпарат таратты

Автор: Алмас Ерсін

Жолдарды 2025 жылғы 8 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған

Фото: istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» компаниясы еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауа райының бұзылуына байланысты келесі облыстарда көліктің барлық түрінің қозғалысына 2025 жылғы 7 қараша сағат 20:00-ден бастап шектеу қойылды:

Қарағанды облысы:

  • «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы - Павлодар облысының шекарасы);
  • «Қалқаман - Баянауыл - Үміткер – Ботақара»автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара ауылы).

Ақмола облысы:

  • «Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы - Павлодар облысының шекарасы).

Жолдарды 2025 жылғы 8 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.