Доллардың 7 қарашаға арналған ресми бағамы жарияланды
KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 526,02 теңгені құрап, 0,55 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 7 қарашаға арналған ресми бағамы – 526,79 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 526,58 теңге, сату – 528,29 теңге.
Астанада доллар орта есеппен 523,68 теңгеден сатып алынып, 530,67 теңгеден сатылады.
Шымкенттегі айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 526,7 теңге, сату бағамы – 528,83 теңге.