Қазіргі уақытта тергеу ісі жүріп жатыр
Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде полиция 22 жастағы Алға ауданы тұрғынына жасалған зорлық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде 53 жастағы ер адам өз келінін зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған.
«Полиция 22 жастағы Алға ауданының тұрғынына қатысты зорлау фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.
Қазіргі уақытта қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу мақсатында кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп қосты ведомство өкілдері.