Шығыс пен оңтүстік-батыста жаңбыр мен су тасқыны жалғасып жатыр
Қытайдың шығысы мен оңтүстік батысы және орталық аймақтарында су тасқыны болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Мемлекеттің шығысында 40 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Ал оңтүстік-батыстағы Сычуань провинциясында су тасқынынан 3 адам қайтыс болып, 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. 7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Су басқан аудандарда іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр. Мамандар нөсер бірнеше күн жалғасатынын ескертті.