Ол өз ұсынысын әлеуметтік желіде жариялады
Танымал продюсер Баян Алагөзова Қазақстанда әйел адамдардың екі ер адамға қатар күйеуге шығуын заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол өзінің бұл ұсынысын Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялады.
«Қыздардың екі некеге қатар тұруын заңдастыруды ұсынамын. Неліктен болмасқа?! Ер адамдарға болады да әйел адамдарға тыйым салына ма? Біз – заң бойынша зайырлы мемлекетпіз, бәріміздің құқығымыз бірдей», – деп жазды Баян Алагөзова.
Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Мұқанның әпкесі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың былықтарын жайып салғаны хабарланған болатын.