Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды
Аршалы аудандық ауруханасының аумағынан науқастың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Аудандық аурухананың аумағынан науқастың денесі табылды. Алдын ала деректер бойынша, психикалық ауытқудан зардап шеккен ер адам суицид жасаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.
Қазіргі уақытта трагедияның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, істің тергелу барысы облыстық департамент басшылығының жеке бақылауында.
Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.