Ол Джеки Чанның әлемге танымал фильміне түседі
«Патруль», «Скорая», «Мошенники» телехикаялары арқылы танылған қазақстандық актер Рүстем Омаров әлемге әйгілі актер Джеки Чанның «Armour of God: Ultimatum» фильмінде ойнайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актер тек рөл сомдап қана қоймай, сценарийдің бірлескен авторларының бірі болады.
Рүстем Омаров аты аңызға айналған Джеки Чанмен түскен бірнеше суретін жариялап, бұл жоба оның шығармашылық жолындағы жаңа белес екенін атап өтті.
«Мен бақыттымын: бала күнгі кумирім Джеки Чанмен бір фильмде ойнаймын», – деп жазды актер.