$ 526.79  606.34  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ сарапшылары қазақстандық ғалымдарға зерттеу сапасын арттыруға көмектеседі

Ақтөбеде Миннесота университетімен бірлескен зерттеушілерді дамыту орталығы ашылады

АҚШ сарапшылары қазақстандық ғалымдарға зерттеу сапасын арттыруға көмектеседі
Фото: istockphoto.com; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында халықаралық зерттеу құзыреттерін дамыту орталығы құрылады. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен және әлемдік үздік 100 университеттің бірі Миннесота университетімен бірлесіп жүзеге асырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ЖОО мәліметінше, жаңа бастама қазақстандық зерттеушілердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және халықаралық ғылыми қауымдастықпен ықпалдасуына мүмкіндік береді.

«Еліміздегі университеттерде әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша докторлық диссертацияны сәтті қорғау көрсеткіші әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Докторанттар арасында жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, ғылыми журналдарда мақала жариялау қиындықтары, соның ішінде академиялық жазу мен зерттеу этикасы дағдыларының жеткілікті қалыптаспауынан туындайды. Сонымен қатар, жас ғалымдарға жетекшілік ететін профессор-оқытушылардың халықаралық ғылыми ортаға кірудегі кедергілері, беделді журналдарда жариялану тәжірибесінің аздығы және шетелдік консультанттармен бірлесе жұмыс істеу шектеулері де жиі айтылады», – деп жазды АӨУ ректоры Лаура Карабасова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ректордың айтуынша, орталықтың басты мақсаты – ғалымдардың заманауи зерттеу әдістерін меңгеруін, академиялық жазу дағдыларын және халықаралық желілермен байланысын дамыту.

Миннесота университетінің профессорлары мен зерттеушілері ғылыми жобаларды ұйымдастыру, халықаралық журналдарға жарияланым дайындау және талдау әдістерін қолдану тәжірибесімен бөліседі.

Бұл орталық тек Жұбанов зерттеушілеріне ғана емес, қазақстандық ғалымдар мен оқытушыларға ашық. Бұл елдің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеу әлеуетін арттыруға ықпал етпек.

Сонымен қатар, бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары да Миннесота университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жүр.

Серіктес жаңалықтары